Без рубрики

Бүгін Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Төле би ауылында Конституциялық референдумды түсіндіруге арналған мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу барысында тұрғындарға алдағы референдумның маңызы, ел дамуына ықпалы және ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді.
Ашық диалог форматында өткен іс-шарада ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауап алды. Бұл өз кезегінде саяси сауаттылықты арттырып, азаматтардың белсенді ұстаным қалыптастыруына ықпал етті.
Осындай кездесулер әрбір азаматтың саналы шешім қабылдауына және ел болашағына бейжай қарамауына мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button