Без рубрики
Болашақ таңдауы – ортақ жауапкершілік

Бүгін №39 гимназияның ұжымымен маңызды кездесу өткіздім. Күн тәртібіндегі басты мәселе – алдағы жалпыхалықтық референдумның маңызы мен ерекшеліктері.
Білім беру саласының өкілдерімен еліміздің саяси және әлеуметтік дамуына қатысты өзгерістерді талқыладық. Мұғалімдер қауымы – қоғамның қозғаушы күші, сондықтан әрбір педагогтің пікірі мен белсенді азаматтық позициясы біз үшін өте маңызды.
Кездесу барысында ұжым тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, референдумның ел болашағы үшін стратегиялық мәнін түсіндірдім. Ұстаздар қауымының елдегі оң өзгерістерге деген қолдауы мен ықыласы жоғары екені қуантады.
Ертеңгі күннің іргетасын бүгін бірге қалаймыз!
#Референдум #№39Гимназия #ХалықпенКездесу #АшықДиалог #Болашақ
#AMANAT



