Жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясы

Жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің саяси және құқықтық жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды құжат. Ондағы өзгерістер демократиялық қағидаттарды тереңдетіп, мемлекеттік басқару тетіктерін жаңғыртуға арналды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалды.
Сонымен қатар Конституцияда билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтау, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері қамтылған. Бұл қоғамдағы әділдік пен ашықтықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Осы өзгерістердің барлығы еліміздің тұрақты дамуына, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Түймелиев Н. Л.
Іле ауданының мәслихат депутаты



