Мемлекеттік рәміздер – елдіктің берік тұғыры

Қазақстан Республикасының Конституциясының 11-бабына сәйкес, мемлекеттік рәміздер – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран. Бұл норма еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін айқындайтын басты құқықтық негіздердің бірі болып табылады. Рәміздердің сипаттамасы мен қолданылу тәртібі арнайы конституциялық заңмен бекітілген.
Лидер общественного мнения ретінде мемлекеттік рәміздердің қоғамдағы маңызы ерекше екенін атап өткім келеді. Мемлекеттік Ту – бейбітшілік пен тұрақтылықтың, Елтаңба – ортақ шаңырақ пен ұлттық бірліктің, ал Әнұран – ел рухы мен патриоттық сезімнің айқын көрінісі. Бұл нышандар әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятуы тиіс.
Қазіргі таңда мемлекеттік рәміздер тек ресми іс-шараларда ғана емес, қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында кеңінен қолданылады. Олар мемлекеттік мекемелерде, білім беру ұйымдарында, мәдени және спорттық шараларда тұрақты түрде насихатталып келеді. Бұл – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастырудың маңызды тетігі.
Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әр азаматтың конституциялық парызы. Рәміздерді қадірлеу арқылы біз өз мемлекетімізге, тарихымызға және болашағымызға деген жауапкершілігімізді танытамыз.
Еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны – Қазақстанның бірлігі мен тұрақтылығының, тәуелсіздігі мен дамуының символы. Оларды құрметтеу – баршамызға ортақ міндет және ұлттық сананың ажырамас бөлігі. Алатау қаласының Қоғамдық пікір көсбасшысы Азимбаева Бақытгүл



