МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘДЕП – ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

«Адам әдебімен көрікті» дейді қазақ халқы. Халқымыздың «әдеп», «әдептілік» ұғымдарыныңмәні тереңде, ұлттық рухани мәдениетіміздіңтамырынан бастау алады.
«Әдеп» термині түркі халықтарыныңмәдениетіне орта ғасырларда араб-мұсылманмәдениетінің ықпалымен енген. Бұл ұғымқоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатынморальдық-этикалық талаптарды білдіреді. Адамның сөйлеу мәнері, іс-әрекеті, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі – оның мәдениеттілігі мен әдептілігінің айқын көрінісі. Әдептілік – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі.
Әдептілік – адам бойындағы жағымдықасиеттердің бірі. Ол адамның қоғамдақабылданған әдеп нормаларын сақтауы және соғансай өмір сүруі арқылы көрініс табады. Бұл қасиетең алдымен отбасы тәрбиесі мен қоғамдық ортадақалыптасады.
Қазақ этикасының қайнар көзі Еуразияның Ұлыдаласында өркендеген ежелгі сақ, ғұн, үйсін, қаңлыжәне түркі тайпаларының мәдениетінен бастауалады. Кіндік Азиядан табылған түркіжазбаларында – Күлтегін мен Тоныкөкескерткіштерінде татулық, бақыт, дәулет сияқтыәдеп ұғымдары кеңінен көрініс тапқан.
Әдеп мәселесін арнайы ілім ретіндеқарастырған ғұлама философ Әбу Насыр әл-Фараби болды. Ол әдепті жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылымретінде бағалап, «Әдептілік – әрбір адамныңрухани байлығы» деп атап өткен.
Сонымен қатар түркі халықтарының этикалықой-пікірінің дамуына Жүсіп Баласағұн, МахмұтҚашқари, Қожа Ахмет Ясауи, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани сияқты ғұламалар үлкен үлесқосты. Қазақ хандығы дәуірінде Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай сынды ақын-жыраулар ұлттық әдепжүйесін жоғары деңгейге көтерді. Олардыңәлеуметтік-этикалық ойлары қазақ халқыныңәдептік санасының қалыптасуына, кейінгі ұрпақтыұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуге зорықпал етті.
Дана халқымыз: «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, қорғаны – сабыр, жолдасы – кәсіп, қорғайтын қорғаушысы – мінез, ал барлығынтәртіпке келтіретін – әдептілік» деп бекер айтпаған.
Бүгінгі таңда бұл рухани құндылықтың маңызықоғамның барлық саласында өзектілігін жойғанжоқ. Әсіресе ел тізгінін ұстап, халыққа қызмет етіпжүрген мемлекеттік қызметшілер жоғарымәдениеттің, парасаттылықтың, сыпайылық пен кішіпейілділіктің, әдептіліктің үлгісін көрсетуітиіс.
Қоғам мемлекеттік қызметшілерге үлкен сенімартады. Олар өздерінің барлық күш-жігерін, білімінжәне тәжірибесін кәсіби қызметіне арнап, Қазақстан Республикасына адал әрі қалтқысызқызмет етеді деп күтеді.
Сондықтан мемлекеттік қызметшілер туралықоғамда оң пікір мен сенім қалыптасуы аса маңызды. Әрбір мемлекеттік қызметшіхалқымыздың рухани құндылықтарын сақтайотырып, мемлекеттік қызметтің оң имиджінқалыптастыруға және Мемлекеттік қызметшілердіңӘдеп кодексі талаптарын қатаң сақтауға міндетті.
Біз әрқашан бір-бірімізге жылы сөз айтып, ізгіниет танытып жүрейік. Өйткені адамды әдеміететін – сыртқы келбеті ғана емес, оның ішкі жандүниесі, әдептілігі мен мәдениеттілігі.
Іле ауданының әдеп жөніндегі уәкілі
А. САДЫҚОВ



