#Qazaqstan30

Қазақ тілі – татулықтың тірегі

10 наурыз күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы №38 мектеп-гимназиясында «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы аясында «Қазақ тілі – татулықтың тірегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін насихаттау, жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметін арттыру және этносаралық татулық пен бірлікті нығайту.

Дөңгелек үстелге «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ Іле ауданындағы бөлімінің басшысы Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы, аудандық аналар кеңесінің мүшесі, зейнеткер ұстаз Қалибаева Сәуле Қыдырбекқызы, мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты.

Шара барысында мемлекеттік тілдің ел өміріндегі маңызы, қоғамдағы орны, сондай-ақ түрлі этнос өкілдерін біріктірудегі рөлі туралы мазмұнды пікірлер айтылды. Қонақтар қазақ тілінің рухани құндылығы мен ұлт бірлігін нығайтудағы ерекше маңызын атап өтіп, жастарды ана тілін құрметтеуге, оны күнделікті өмірде кеңінен қолдануға шақырды.

Кездесу барысында мектеп оқушылары арнайы дайындалған көрініс қойып, 9-сынып оқушылары қазақ тілі мен ел бірлігі туралы өлең жолдарын оқыды. Бұл қойылымдар мен шығармашылық нөмірлер мемлекеттік тілге деген құрметтің жас ұрпақ бойында қалыптасып келе жатқанын көрсетті.

Сонымен қатар дөңгелек үстелде қатысушылар арасында сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдің дамуына қатысты пікір алмасу өтті. Қатысушылар тіл мәртебесін көтеру, оны қоғам өмірінің барлық саласында кеңінен қолдану – баршаға ортақ міндет екендігін атап өтті.

Шара соңында барлық қатысушылар бірлесіп «Атамекен» әнін орындап, кездесу естелік суретке түсумен қорытындыланды.

Осындай тағылымды кездесулер мемлекеттік тілдің беделін арттырып қана қоймай, қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.

«Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ

Басқа жаңалықтар

Back to top button