АБЫЗ АРДАГЕРЛЕРДЕ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Алматы облысы Ардагерлер ұйымының төрағасы, Іле ауданының Құрметті азаматы Ерболат Сапарұлы референдумда өз таңдауын жасады.

Ерболат Сапарұлы Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы Мәдениет үйінде орналасқан, өзі тіркелген сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Қоғамдық өмірде белсенділігімен танылған ардагерлер ұйымының жетекшісі бұл маңызды саяси науқанға бейжай қарамай, азаматтық ұстанымын білдіріп, референдумға қатысу әр азаматтың парызы екенін атап өтті.
Оның айтуынша, референдум – ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын, халықтың пікірін білдіретін ерекше демократиялық мүмкіндік.
«Еліміздің дамуы мен тұрақтылығы – баршамыз үшін ортақ құндылық. Сондықтан әр азамат осындай маңызды сәтте өз таңдауын жасап, ел болашағына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Референдум – халықтың бірлігі мен белсенділігін көрсететін маңызды қадам», – деді Ерболат Сапарұлы.



