Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыРеферендумРеферендум2026Энергетический ауылдық округі

Екі жүректің таңдауы: референдум күні жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасады

15 наурыз күні өткен республикалық референдум барысында Алматы облысы №1062 дауыс беру учаскесінде жас жігіт сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Осылайша, дауыс беруге келген жас жұп бұл күнді өз өміріндегі ұмытылмас сәтке айналдырды.

Референдум учаскесіне бірге келген жас жігіт дауыс беру рәсімінен кейін көпшілік алдында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, оған сақина ұсынды. Күтпеген сәт учаскеде болған сайлаушылардың қызығушылығын тудырып, қуанышты сәтке куә болды.

Жігіттің айтуынша, дәл осы күнді таңдауында ерекше мән бар:
«Бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Әр азамат ел болашағына қатысты өз таңдауын жасап жатыр. Біз де өз болашағымызға қатысты маңызды шешім қабылдадық. Сондықтан ұсынысты дәл бүгін жасағым келді», – деді күйеу жігіт Бақытжан.

Ал қалыңдық болса бұл күннің өз өмірінде мәңгі есте қалатынын атап өтті:
«Мен мұндай ұсынысты мүлдем күтпедім. Бүгін референдумға келдік, ал бұл күн біздің отбасымыздың да бастауына айналды. Бұл сәт мен үшін өте ерекше», – деді Жания.

Учаскеде болған тұрғындар жас жұпқа ақ тілектерін айтып, бұл оқиғаның референдум күніне ерекше жылулық сыйлағанын жеткізді

Басқа жаңалықтар

Back to top button