Без рубрикиРеферендумРеферендум2026Энергетический ауылдық округі

Референдум: ДАУЫС БЕРУІМ, АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМ

Өтеген батыр ауылдық округінің әкімі Төлеген Омаров: «Бүгінгі маңызды күн мен үшін әрі елімнің ертеңі үшін маңызды күн. Дауыс беру азаматтық міндетім. Таң атқаннан бері округімдегі референдум учаскелерінде дауыс беруші тұрғындарымның қарасы көптігі менің көңілімді жайландырды. аса белсенділік танытуда» — деді

Өтеген батыр ауылдық округі екі ауылдан және бірнеше ықшам аудандардан тұрады. Округ құрамына Өтеген батыр ауылы мен Кенен Әзірбаев ауылы, сондай-ақ Қуат және Арман ықшам аудандары мен бірнеше саяжай алқаптары кіреді.

Өтеген батыр ауылдық округі – ауданымыздың маңызды орталықтарының бірі. Округ аумағында өтетін референдумға барлығы 19 сайлау учаскесі қатысады. Жалпы саны 26 924 сайлаушы өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін танытуға мүмкіндік алады.

Округ – өнеркәсібі дамыған, түрлі ұлт өкілдері татулық пен бірлікте өмір сүріп жатқан берекелі мекен. Мұнда еңбекқор тұрғындар елдің дамуына өз үлесін қосып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button