Без рубрики

Іле ауданында ауқымды көгалдандыру жұмыстары басталды

«Алматы станциясы торабын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы (Қазыбек бек – Жетіген)» жобасы аясында аудан аумағында 10 мыңға жуық көшет отырғызу жоспарланған.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым «Акбастау Gardens» ЖШС тарапынан алғашқы отырғызу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау және олардың жерсінуін қамтамасыз ету жұмыстары алдағы үш жыл бойы жүргізілетін болады.

Жоба аудан аумағын көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және жасыл аймақтарды көбейтуге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button