Без рубрики

Алматы облысы прокуратурасының тапсырмасын орындау аясында, ауданымызда қоғамдық тұрақтылықты сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық іс-шаралар қолға алынды.
Негізгі мақсат:
Шетел азаматтарына қатысты ксенофобия көріністеріне жол бермеу;
Ұлтаралық келісім мен достықты нығайту;
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.
2026 жылдың 27 наурызында аудан аумағында мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және уәкілетті құрылымдардың қатысуымен ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, арандатушылық сипаттағы ақпараттар мен жағымсыз риториканың таралуына жол бермеу мәселелері талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button