Без рубрики

Іледегі игі іс

Өтеген батыр ауылының Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен «Таза Қазақстан» жобасы аясында игі шара ұйымдастырылды. Ауыл ақсақалдары елді мекеннің көркеюіне үлес қосып, көшелер бойына шырша көшеттерін отырғызды.

Аталған бастама – қоршаған ортаны қорғау, ауылдың экологиялық ахуалын жақсарту және келер ұрпаққа таза, жасыл орта қалдыруға бағытталған маңызды қадам. Іс-шара барысында ақсақалдар жастарға үлгі көрсетіп, табиғатты аялау мен туған жерге жанашырлық танытудың маңыздылығын атап өтті.
Осындай игі істер ауыл тұрғындарының бірлігін арттырып, ортақ іске деген жауапкершілігін күшейте түседі. #Тазарукүні #ТазаҚазақстан

Басқа жаңалықтар

Back to top button