Без рубрики
«Тазалық – ортақ іс, болашаққа үлес»
«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып, әрбір азаматты табиғатты қорғауға үндейтін маңызды бастама. Туған жердің тазалығы – тек коммуналдық қызметтің емес, барша тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Осындай игі шаралар арқылы біз табиғатты сақтап қана қоймай, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырамыз.
Осыған орай, Өтеген батыр ауылының тұрғындарын 18 сәуір күні орталық алаңда өтетін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз. Бірге атсалысып, ауылымызды таза әрі көркем етейік!
Жәбиева М. Т.
Іле аудандық аналар кеңесінің төрағасы



