Без рубрики

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

Ащыбұлақ ауылдық округінде Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті
9 мамыр — Жеңіс күні мерекесіне орай Ащыбұлақ ауылдық округінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға ауыл әкімшілігінің өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ауыл тұрғындары Отан қорғау жолында қаза тапқан батырлар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Жиналған қауым бір минуттық үнсіздікпен соғыс құрбандарын еске алып, олардың өшпес ерлігіне құрмет көрсетті. Шараның мақсаты — бейбітшілік жолында жан қиған ата-бабаларымыздың есімін ұлықтау және өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін ұялату.

Басқа жаңалықтар

Back to top button