«Болашақ кемеңгер» балабақшасының ұжымымен кездесу өтті

Іле ауданындағы «Болашақ кемеңгер» балабақшасында ұжыммен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Іле аудандық сайлауалды штабтың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту, педагогтердің еңбек жағдайы, білім беру сапасын арттыру, әлеуметтік қолдау тетіктері және саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту сапасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар да сөз болды.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, балабақша қызметкерлері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салды. Кездесу барысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы тәжірибе, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасу жүргізілді.
Кездесу соңында мұндай жүздесулердің білім беру саласы мамандарымен ашық пікір алмасуға, ұсыныстарды тыңдауға және өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.



