Без рубрики

«Казахтелеком» АҚ ұжымымен кездесу өтті

Іле ауданында «Казахтелеком» АҚ еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Жиынға «Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының мүшелері қатысып, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында бағдарламаның негізгі басымдықтары таныстырылып, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және өңірлердің тұрақты дамуына қатысты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар цифрландыруды жетілдіру, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру мәселелері де сөз болды.

Іс-шара аясында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Ашық форматта өткен кездесуде тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылар қоғамдағы маңызды бағыттар бойынша пікір алмасып, ашық диалогтың азаматтар мен еңбек ұжымдары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button