«Прогресс» колледжінің ұжымы және студенттерімен кездесу өтті

Іле ауданындағы «Прогресс» колледжінде оқу орнының ұжымы мен студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Іле аудандық сайлауалды штабтың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында білім беру жүйесін дамыту, жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үйге қолжетімділік және жастардың әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты бағыттар талқыланды. Сонымен қатар жастар саясаты, кәсіби білім беру сапасын арттыру және еңбек нарығындағы сұранысқа сай мамандар даярлау мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, студенттер мен колледж оқытушылары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Қатысушылар жастардың білім алуы, кәсіби дамуы және еңбекке орналасуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу соңында мұндай жүздесулердің жастар мен қоғам арасындағы ашық пікір алмасуға, ұсыныстарды тыңдауға және өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.



