Құрылтай 23 тамыз
Азаматтардың құқықтары – мемлекеттің басты құндылығы

Жаңа Конституция – еліміздің демократиялық даму жолындағы маңызды тарихи қадам. Бұл құжатта ең алдымен адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесіне ерекше мән берілген. Әрбір азаматтың заң алдында тең болуы, оның ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуы – мемлекетіміздің басты ұстанымы.
Қоғам қайраткері ретінде мен бұл өзгерістерді толық қолдаймын. Себебі азаматтың құқығы қорғалған жерде әділдік салтанат құрып, халықтың мемлекетке деген сенімі арта түседі. Бұл – Қазақстанның тұрақты дамуы мен жарқын болашағының берік кепілі.
Айдар Абдрахманов



