Энергетика саласы қызметкерлерімен өндіріс пен еңбек мәселелері талқыланды

Іле ауданындағы энергетика саласының ірі кәсіпорындарының бірі – «АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ Өтеген батыр электр тарату аймағында еңбек ұжымымен кездесу өтті.
Жиын барысында энергетика саласының бүгінгі жай-күйі, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің әлеуметтік мәселелері сөз болды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.
Әңгіме барысында өндірістік нысандарды жаңғырту, электр желілерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету, еңбек жағдайларын жақсарту, жұмысшылардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын күшейту мәселелеріне назар аударылды. Сондай-ақ өңірдің тұрақты дамуы үшін энергетика саласының маңызы, инфрақұрылымның сапасы мен үздіксіз қызметінің тұрғындардың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер ететіні айтылды.
Кездесуде еңбек ұжымының пікірлері тыңдалып, өндіріс процесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар талқыланды. Қатысушылар инфрақұрылымды жаңарту, мамандардың еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру жөніндегі ойларын білдірді.
Іс-шара соңында мұндай кездесулердің еңбек ұжымдары мен жауапты тараптар арасындағы өзара пікір алмасуға, өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.



