Без рубрики
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ «BTK GROUP» КӘСІПОРНЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Көкқайнар ауылындағы №53 орта мектепте «Әділет» партиясы өкілдерінің қатысуымен педагогикалық ұжыммен кездесу өтті.
Жиын барысында білім беру саласының өзекті мәселелері, педагогтердің еңбек жағдайы, әлеуметтік саясат, жастарды қолдау, жұмыспен қамту және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бағыттар талқыланды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында ұйымдастырылып, мектеп ұжымы өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, білім беру саласына қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар қатысушылар өңірдің даму бағыттары жөнінде ой бөлісті.
Іс-шара барысында білім беру сапасын арттыру, жастардың әлеуетін дамыту және әлеуметтік мәселелер бойынша пікір алмасып, қатысушылар көтерілген тақырыптарға қатысты ұсыныстарын жеткізді.



