Без рубрики

«ӘДІЛЕТ»: САПАЛЫ БІЛІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау аясында «Әділет» партиясы Іле аудандық штабының мүшелері М.Түймебаев ауылындағы №43 жалпы орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, мұғалімдердің еңбек жағдайы мен кәсіби мәртебесі, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру, цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу және жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру мәселелері талқыланды.

Жиын барысында қатысушылар қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, педагогтердің кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасау, заманауи білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және оқу сапасын арттыру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу соңында білім беру саласын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлер талқыланып, мұғалімдерді қолдау, білім сапасын арттыру және оқу үдерісін жетілдіру мәселелері бойынша ой бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button