М.ТҮЙМЕБАЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ №3 ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

М.Түймебаев ауылындағы №3 Жайлы мектепте «Әділет» партиясы өкілдерінің қатысуымен педагогикалық ұжым және жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, жастарды қолдау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағыттағы бастамалар талқыланды. Қатысушылар өңірдің дамуына қатысты пікірлерін білдіріп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды.
Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайы, жастардың мүмкіндіктерін кеңейту, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты ұсыныстар айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көтерілген мәселелер бойынша ой бөлісті. Мұндай кездесулер түрлі сала өкілдерінің өзекті мәселелерді талқылауына және ұсыныстарымен бөлісуіне мүмкіндік береді.



