«САРЫБҰЛАҚ» ҚҰС ФАБРИКАСЫНДА ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алматы облысындағы «Сарыбұлақ» құс фабрикасында «Әділет» партиясы өкілдерінің қатысуымен еңбек ұжымымен кездесу өтті.
Кездесу барысында өндіріс саласының қазіргі ахуалы, еңбек жағдайы, еңбек қауіпсіздігі, өндірістік үдерістерді жетілдіру және қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ құс шаруашылығы саласының дамуы, өндірістің тұрақты жұмыс істеуі және еңбек адамдарының ұсыныс-пікірлері назарға алынды.
Жиын барысында кәсіпорын қызметкерлері еңбекақы деңгейі, еңбек қауіпсіздігі, арнайы жұмыс киімдерімен және техникамен қамтамасыз ету, заманауи құрал-жабдықтарды жаңарту, әлеуметтік кепілдіктерді жетілдіру секілді өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, еңбек жағдайын жақсартуға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.



