Без рубрики

«АЙНАЛАЙЫН» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының өкілдері Іле ауданындағы «Айналайын» балабақшасының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту, педагогтердің еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру, білім беру сапасын арттыру және балалардың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи оқыту әдістерін енгізу және педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы ұсыныстар бойынша пікір алмасу өтті.

Балабақша ұжымы өздерін қызықтырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар мектепке дейінгі білім беру саласын дамытуға қатысты өз ойларымен бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button