Іле аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесу

«Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабы Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
«Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып, Іле аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, цифрландыруды дамыту, бюрократиялық кедергілерді азайту және халыққа сапалы қызмет көрсету жүйесін жетілдіру бағытындағы бастамалар жан-жақты таныстырылды.
Штаб мүшелері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен есептілігін күшейту, жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру – «Әділет» партиясының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен сауалдарын ортаға салды. Мұндай жүздесулер халықпен тікелей байланыс орнатуға және қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін бірлесіп іздеуге мүмкіндік береді.
Әділет – әділ қоғам мен әр азаматтың мүмкіндігі үшін!



