МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТІРЕГІ

Іле ауданында «Әділет» партиясының өкілдері мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті. Жүздесу барысында мәдениет пен өнерді дамыту, ұлттық мәдени мұраны сақтау, шығармашылық ортаны қолдау және мәдени инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Кездесуге «Әділет» партиясының облыстық және аудандық сайлауалды штабының мүшелері, Құрылтай депутаттығына үміткерлер Марат Қожаев пен Қазбек Дауталиев қатысты.
Кездесу барысында мәдениет қызметкерлерінің еңбек жағдайы, шығармашылық бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері, мәдениет үйлері мен кітапханалардың материалдық-техникалық жағдайы, ұлттық өнерді дәріптеу және жас таланттарды қолдау мәселелері сөз болды.
Қазбек Дауталиев мәдениеттің қоғамның рухани дамуы мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы маңызына тоқталды.
– Мәдениет – елдің рухани тұтастығы мен ұлттық болмысын айқындайтын маңызды салалардың бірі. Мәдениет қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыру, шығармашылық бастамаларға мүмкіндік беру және ұлттық мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізу маңызды. Осындай кездесулер сала мамандарының пікірін тікелей тыңдауға мүмкіндік береді, – деді Қазбек Дауталиев.
Жүздесу барысында өңірдегі мәдениет нысандарының қызметін жетілдіру, шығармашылық жобаларды жүзеге асыру, мәдени-көпшілік іс-шаралардың сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша да пікір алмасу өтті.
Мәдениет қызметкерлері өз салаларындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, еңбек жағдайын жақсарту, шығармашылық жобаларды қолдау, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және мәдениет нысандарының материалдық-техникалық мүмкіндіктерін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар мәдениет саласының қазіргі жағдайы мен оны дамытуға қатысты өз көзқарастарымен бөлісті. Жүздесу соңында көтерілген мәселелер мен ұсыныстардың маңыздылығы атап өтілді.
#Қазақстан #Әділет #ӘділетПартиясы #ӘділеттіҚазақстан #ПартияӘділет



