Без рубрики

Болашақ біздің қолымызда: Жастар құрылтай сайлауында неге белсенді болуы керек?

Болашақ біздің қолымызда: Жастар Құрылтай сайлауында неге белсенді болуы керек?
Егемендік алған күннен бастап еліміз қарқынды саяси өзгерістер мен заманауи реформалардың жолымен келеді. Әрбір байыпты бастама мемлекетіміздің іргесін нығайтып, қоғамның әл-ауқатын арттыруға қызмет етіп келеді. Соның нәтижесінде Қазақстан өзінің дербес даму жолын айқындап, әлемдік аренада өзіндік орны бар бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде қалыптасты.
Бүгінгі цифрландыру мен технологияның қарыштап дамыған кезеңінде еліміз заман көшінен қалмай, жаңа белестерді бағындыруды мақсат етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салмақты саясаты мен жүйелі реформалары Әділетті Қазақстанды құруға жаңа серпін беріп, жас буынға кең мүмкіндіктер ашуда.
Осы оң өзгерістердің ішінде ел тағдыры мен ұлт болашағын айқындайтын маңызды саяси институт — Құрылтайдың орны бөлек. Бұл — бабалар дәстүрі мен заманауи демократиялық қағидаттарды тоғыстырған, халықтың үнін мемлекеттік деңгейге жеткізетін ашық алаң. Құрылтай құрамында жаңашыл көзқарасы бар, мемлекетшіл азаматтар мен белсенді жастардың болуы — заман талабы әрі ел дамуының кепілі.
Біз — жастар, еліміздің негізгі қозғаушы күшіміз. Мемлекеттің кемел келешегі мен стратегиялық бағыты әрбіріміздің азаматтық ұстанымымызға, қоғамдық жауапкершілігімізге және ел өміріне белсенді араласуымызға тікелей байланысты. Бүгінгі жасаған саналы таңдауымыз — ертеңгі тұрақтылық пен өркендеудің негізі.
Осыған байланысты барша құрдастарымды, прогрессивті жастарды және өңір тұрғындарын 23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауына белсене қатысуға шақырамын! Ел болашағы бәрімізге ортақ, сондықтан бұл жауапты сәтте шет қалмай, өз таңдауымызды жасайық!

 

Даутхан Т. М.

Алатау қаласы жастар ресурстық орталығының жетекшісі

Басқа жаңалықтар

Back to top button