ЖӘПЕК БАТЫР ҰСТАЗДАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ҰСЫНЫСТАРЫН АЙТТЫ

«Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының мүшелері Жәпек батыр ауылындағы №36 жалпы орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді.
Жиын барысында білім беру саласының қазіргі жағдайы мен оны дамытуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу және оқушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Кездесуде штаб мүшелері «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы білім беру саласына қатысты бағыттар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар балалардың сапалы білім алу мүмкіндігін кеңейту, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту және заманауи білім беру инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар таныстырылды.
Ашық пікір алмасу барысында №36 жалпы орта мектебінің педагогтері білім беру саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Мұғалімдердің еңбек жағдайы, білім сапасы және мектептегі оқу үдерісін жетілдіруге қатысты мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, білім беру саласын дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады.



