Без рубрики

БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Боралдай кентіндегі №40 орта мектепте білім беру саласының өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті. Жиынға Құрылтай депутаттығына кандидат Марат Қожаев, «Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының төрағасы Алмасбек Сатибаев, штаб мүшелері Баян Топарқызы, Нұрлан Шорманов, Тілеукен Көпбаева, Бинур Елиманова, Байкан Гульжан, Жұлдыз Бұзауқызы және мектептің педагогикалық ұжымы қатысты.

Кездесуде білім сапасын арттыру, педагогтердің еңбек жағдайын жақсарту, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және оқушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар заманауи білім беру талаптарына бейімделу, жаңа технологияларды оқу үдерісіне енгізу және оқушылардың болашақ мамандықтарға қажетті дағдыларын дамыту мәселелеріне назар аударылды. Қатысушылар білім беру жүйесінің өзгермелі еңбек нарығына бейімделуі мен жас ұрпақтың жаңа технологияларды меңгеруінің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

Жиын барысында оқушылардың денсаулығын сақтау, мектептегі қауіпсіздік пен қолайлы ортаны қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды. Өскелең ұрпақтың сапалы білім алуымен қатар, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау қажеттігі атап өтілді.

Кездесу ашық диалог форматында жалғасып, мектеп ұжымы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Педагогтер өз тәжірибелеріне сүйене отырып, білім сапасын жетілдіруге, мұғалімдердің кәсіби дамуына және мектеп жағдайын жақсартуға қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жиын соңында қатысушылар сапалы білім беру, педагог мәртебесін көтеру және мектептерде заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мәселелерін бірлесіп талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button