«КОРМОВИК» ЖШС ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Боралдай кентіндегі «КОРМОВИК» ЖШС кәсіпорнында еңбек ұжымымен кездесу өтті. Жиынға «Әділет» партиясының сайлауалды штабының өкілдері мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында еңбек саласындағы өзекті мәселелер, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және кәсіпорындардың тұрақты дамуына жағдай жасау бағыттары талқыланды. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер жөнінде пікір алмасу өтті.
Кәсіпорын қызметкерлері еңбек жағдайы, әлеуметтік қолдау және экономикалық даму бағыттары бойынша өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар тарапынан көтерілген сауалдар талқыланып, тиісті мәселелер бойынша пікірлер айтылды.
Ашық форматта өткен кездесу еңбек ұжымын толғандыратын мәселелерді талқылауға және ұсыныстарды тыңдауға мүмкіндік берді.
Жиын соңында қатысушылар еңбек ұжымдарымен осындай ашық диалог алаңдарын өткізудің маңыздылығын атап өтті.



