Без рубрики

№55 МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шабыт ықшам ауданындағы №55 орта мектепте «Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабы өкілдерінің мектеп ұжымымен кездесуі өтті. Жүздесу барысында білім беру саласының өзекті мәселелері мен жергілікті аумақты дамытуға қатысты ұсыныстар талқыланды.

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған негізгі бағыттар таныстырылды. Атап айтқанда, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, жергілікті кәсіпкерлікті қолдау арқылы жұмыс орындарын көбейту, жастардың мүмкіндіктерін кеңейту және білім беру мен әлеуметтік салалардың сапасын арттыру мәселелеріне назар аударылды.

Мектеп ұжымы өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, білім беру саласына қатысты ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар елді мекеннің инфрақұрылымы, жастарды қолдау және жұмыспен қамту бағыттары бойынша пікір алмасты.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тараптар өзара ұсыныстарымен бөлісті. Жиын барысында тұрғындардың пікірін тыңдау және көтерілген мәселелерді тиісті бағыттар бойынша қарастырудың маңызы атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button