Без рубрики

АУЫЛДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Екпінді ауылындағы амбулаторияда «Әділет» партиясының сайлауалды штабы өкілдерінің медицина қызметкерлерімен кездесуі өтті. Жүздесуге облыстық және аудандық штаб мүшелері қатысты.

Кездесу барысында халыққа медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасы, медицина мамандарының еңбек жағдайы және денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Партия өкілдері сайлауалды бағдарламада денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстарды таныстырды. Атап айтқанда, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын арттыру, медициналық ұйымдарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту және профилактикалық медицинаны дамыту бағыттарына тоқталды.

Сонымен қатар бағдарламада қамтылған жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті қолдау, қолжетімді тұрғын үй, білім беру, жастарды қолдау және әлеуметтік қорғау мәселелері де сөз болды.

Амбулатория қызметкерлері ауылдық жердегі медициналық көмекті ұйымдастыру, еңбек жағдайы және саладағы өзекті мәселелер бойынша пікірлерін білдірді. Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласын жетілдіруге қатысты ұсыныстармен бөлісіп, өзара пікір алмасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button