Есірткіге жол жоқ

Есірткі – адамның денсаулығына, отбасына және болашағына кері әсер ететін қауіпті мәселе. Одан сақтанудың ең тиімді жолы – зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Әсіресе жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Қазақстанда 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспар іске асырылып, оның негізгі бағыттарының бірі – алдын алу және жастарды қорғау.
Бос уақытты спортқа, білім алуға, шығармашылыққа және пайдалы істерге арнау адамның өз мақсатына сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді. Қиын жағдайда жалғыз қалмай, ата-анаға, мұғалімге немесе сенімді ересек адамға жүгіну маңызды.
Есірткісіз қоғам құру – тек мамандардың емес, баршамыздың ортақ міндетіміз. Әр адам өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қараса, қауіпсіз әрі салауатты орта қалыптастыруға үлес қоса алады. Есірткіге жол жоқ!



