Без рубрики

Құқық бұзушылыққа қарсы күрес

Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызы зор. Заң талаптарын сақтау – тек мемлекеттік органдардың емес, әр азаматтың ортақ міндеті. Құқықты білу және өзгенің құқығына құрметпен қарау қоғамдық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

2026 жылғы 2 наурыздан бастап Қазақстанда «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң күшіне енді. Оның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың жасалуына әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтап, жою және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Құқық бұзушылықпен күресте профилактикалық жұмыстардың орны ерекше. Түсіндіру шаралары, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастармен жүйелі жұмыс жүргізу келеңсіз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Заңға құрметпен қарау, тәртіп сақтау және жауапкершілікті сезіну – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды негізі. Құқық бұзушылыққа бейжай қарамай, заң талаптарын сақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button