«Әділет» партиясы «Жанұя» сауда орталығында тұрғындармен кездесті

«Әділет» партиясының Іле аудандық филиалының сайлауалды штабы «Жанұя» сауда орталығында азаматтармен экспромт-кездесу өткізді.
Кездесу барысында сауда орталығының қызметкерлері мен келушілеріне партияның сайлауалды бағдарламасында көтерілген негізгі бағыттар таныстырылып, әлеуметтік-экономикалық даму, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге қатысты бастамалар туралы ақпарат берілді.
Кездесуге қатысқан тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Партия өкілдері азаматтардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Жүздесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдауға мүмкіндік берді. Кездесу барысында азаматтармен тікелей байланыс орнатудың маңыздылығы атап өтілді.



