Без рубрики

«Жәпек батыр» ауылында денсаулық сақтау саласының мәселелері талқыланды

«Жәпек батыр» ауылындағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында медицина қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиынға «Әділет» партиясы Іле аудандық филиалының сайлауалды штабының мүшелері Алмасбек Сатибаев, Баян Топарқызы, Тілеукен Көпбаева, Гульжан Байкан, Гамзе Гейдаров, Рауан Бұғыбаев және Мұхамедсұлтан Тамабек қатысты.

Кездесуде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру, ерте диагностика мен скринингті дамыту, ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және медициналық нысандардың жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алу, кардиологиялық оңалтуды дамыту, электрондық денсаулық паспортын енгізу, оңалту орталықтарының жұмысын кеңейту және профилактикалық тексерулермен қамтуды арттыру бағыттары қарастырылды.

Медицина қызметкерлері кадр тапшылығы, еңбек жағдайы, медициналық инфрақұрылым және көрсетілетін қызмет сапасына қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Кездесу барысында ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласының мәселелерін шешу, медицина мамандарының жұмыс жағдайын жақсарту және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру жөнінде пікір алмасу өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button