Без рубрики

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Биля» әмбебап базарында кәсіпкерлермен экспромт-кездесу өтті. Кездесуде сауда саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.

Іс-шара барысында «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған әлеуметтік-экономикалық бағыттар туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, шағын және орта бизнесті қолдау, жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелеріне назар аударылды.

Кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді. Кездесу барысында тараптар кәсіпкерлік саласының дамуына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Экспромт форматындағы кездесу азаматтардың пікірін тыңдап, кәсіпкерлермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button