Без рубрики

ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «АЙНҰР» МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Өтеген батыр ауылындағы «Айнұр» мектебінде «Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының мүшелері мен білім беру ұйымының еңбек ұжымы арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында партияның алдағы бес жылға арналған «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасында қамтылған негізгі бағыттар таныстырылды. Атап айтқанда, білім беру саласын дамыту, еңбек адамдарының әлеуметтік қорғалуын күшейту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері сөз болды.

Жиын барысында мектеп ұжымы ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру, жас мамандарды қолдау, спорттық құрал-жабдықтарды жаңарту және оқушылардың халықаралық білім жарыстарына қатысуына жағдай жасау жөніндегі ұсыныстарын білдірді.

Кездесуде қатысушылар өзара пікір алмасып, білім саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Штаб мүшелері айтылған ұсыныстарды тыңдап, партия бағдарламасындағы тиісті бағыттар бойынша ақпарат берді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, білім саласының қазіргі мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button