Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпарат

Жаңа Конституция – әлеуметтік мемлекет пен жауапты қоғам негізі

Жаңа, қолданыстағы Конституция Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Бұл қағида адамның лайықты өмір сүруіне қажетті әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды құқықтық негізін қалыптастырады.
Азамат үшін бұл бағыт күнделікті өмірден көрінеді: медициналық көмекке қолжетімділік, еңбек ету және қауіпсіз еңбек жағдайы, демалыс, білім алу және әлеуметтік қолдау мүмкіндіктері — адамның өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды салалар.
Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді адам мен қоғамның тұрақты дамуының маңызды бөлігі ретінде бекітіп, мемлекет қызметінің басты бағыттарының бірі — азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру жағдайларын жақсартуға жағдай жасау екенін айқындайды. Жаңа, қолданыстағы Конституция адам құқықтары мен бостандықтарын кеңінен қорғаумен қатар, әр азаматтың заң талаптарын сақтауына және өзге адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуіне ерекше мән береді.
Бұл қағида қазіргі қоғам үшін аса маңызды. Әсіресе әлеуметтік желілерде әр азаматтың өз ойын еркін білдіруімен қатар, басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарауы, жалған немесе арандатушы ақпаратты таратпауға жауапкершілікпен қарауы қажет. Құқықтық мәдениет — өз құқығын білумен қатар, өз әрекетінің қоғамға әсерін түсінуден басталады.
Жаңа Конституция осы тепе-теңдікті айқындай отырып, заң мен тәртіпке негізделген, адам құқықтары қорғалатын қауіпсіз қоғамдық ортаны қалыптастыруға бағыт береді. Яғни Конституция қоғам өмірінің маңызды салаларының барлығында азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігіне негіз болады.

Мейрамкүл Жабиева

Аудандық Аналар кеңесінің төрағасы 

Басқа жаңалықтар

Back to top button