Без рубрики

🔹ҚАРТТАРҒА – ҚҰРМЕТ, ҮЛКЕНГЕ – ІЗЕТ

 

Қарттар күніне орай Іле ауданының Қараой ауылдық округінде округіміздің ардақты қарттарына арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

Іс-шара барысында округ әкімінің міндетін атқарушы Анықов Тұрлыбек Жарқынбекұлы ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдарды Қарттар күнімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі.

Қазыналы қарттарымызға көрсетілген құрмет – ұрпаққа үлгі, елге өнеге. Үлкенді сыйлау, олардың ақ батасын алу – халқымыздың асыл дәстүрлерінің бірі.

Қарттарымыздың мерейі үстем, ғұмыры ұзақ болсын!

Басқа жаңалықтар

Back to top button