Без рубрики

Жаңа Конституция – құқық пен жауапкершілік үндескен қоғамның негізі

 

Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін басты құжат. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енді.

Жаңа Конституцияда адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде белгіленген. Сонымен бірге қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті сақтау әр азаматтың заң талаптарын орындауына және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауына байланысты.

Құқықты білу – өз мүддеңді қорғаудың бір жолы болса, міндетті орындау – қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі. Осы екі ұғым қатар жүргенде ғана өзара құрметке, заңдылыққа және жауапкершілікке негізделген қоғамдық орта қалыптасады.

Бұл ретте жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызы ерекше. Жас ұрпақ өз құқықтарын біліп қана қоймай, заңды құрметтеуді, қоғамдық тәртіпті сақтауды және айналасындағы адамдардың құқықтары мен пікіріне құрметпен қарауды үйренуі қажет.

Конституцияның мәні тек құқықтар мен бостандықтарды бекітумен шектелмейді. Ол азамат пен мемлекет арасындағы жауапкершілікті, заң үстемдігін, қоғамдық келісім мен тәртіпті нығайтуға бағытталған ортақ қағидаларды да айқындайды.

Құқықты құрметтеу, міндетті орындау және заңды сақтау – тұрақты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды негізі.

🇰🇿 Конституциялық құндылықтарды құрметтеу – ел болашағына ортақ жауапкершілік.

 

Алматы облыстық мәслихат депутаты Түймелиев Нұрлан Лесұлы

Басқа жаңалықтар

Back to top button