Жаңа Конституция – қоғам мен азамат жауапкершілігінің негізі

Конституция туралы сөз болғанда, ең алдымен мемлекеттің негізгі заңында бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары ойға келеді. Дегенмен Конституцияның маңызын тек құқықтармен байланыстыру жеткіліксіз деп есептеймін. Қоғамның тұрақты дамуы әр азаматтың өз құқықтарымен қатар, міндеттері мен жауапкершілігін де түсінуінен басталады.
2026 жылы қабылданған жаңа Конституция еліміздің құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болды. Оның негізгі қағидаттары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін нығайтуға, әділеттілік пен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге негізделген.
Менің ойымша, Конституцияның құндылығы оның күнделікті өмірде қаншалықты іске асатынымен өлшенеді. Заң алдында бәрінің тең болуы, өз пікірін еркін білдіру мүмкіндігі, жеке құқықтардың қорғалуы – әр азаматтың өмірімен тікелей байланысты мәселелер. Бірақ өз құқықтарымызды талап ете отырып, өзге адамдардың құқықтарына құрметпен қарауды да ұмытпауымыз қажет.
Қоғамдағы өзара сыйластық пен жауапкершілік тек заң талаптарымен қалыптаспайды. Ол әр адамның қарапайым күнделікті әрекетінен көрінеді. Заңды сақтау, қоғамдық тәртіпке құрметпен қарау, өзгенің пікірін тыңдау, ортақ іске жауапкершілікпен қарау – азаматтық мәдениеттің маңызды белгілері.
Сондықтан жаңа Конституцияны қабылдау – тек құқықтық құжаттың жаңаруы ғана емес, азамат пен мемлекет арасындағы жауапкершілікті жаңа деңгейде түсінуге мүмкіндік беретін маңызды кезең деп ойлаймын. Конституцияда белгіленген қағидаттар қоғам мүшелерінің күнделікті ұстанымына айналған кезде ғана құқықтық әрі әділетті қоғам құруға нақты негіз қалыптасады.
Әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, сол құқықты жүзеге асыру кезінде қоғам алдындағы жауапкершілігін де сезінсе, бұл елдің тұрақты дамуына елеулі үлес қосады.
«Ronai» этномәдени бірлестігігің төрағасы Гейдаров Гамзе Бадриевич



