Без рубрики

Ащыбұлақта Жолдау міндеттері кеңінен сөз болды

06 қараша күні Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №20 орта мектебінде аудандық медиа жоспарға сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Аталған шараға округ әкімі Б.Қасымбеков қатысып, білім саласының өкілдерімен Жолдаудың басым бағыттары туралы пікіралмасты. Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті қолдау, цифрлық технологияларды енгізу, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар адами капиталды дамыту, білім беру сапасын жақсарту, жастарға қолдау көрсету және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті нығайту бағытындағы міндеттерге ерекше мән берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button