ІЛЕ АУДАНЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ: ТҰРҒЫНДАР ӨЗ САУАЛДАРЫНА ЖАУАП АЛДЫ

Іле ауданында мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шаттық Мамбетов тұрғындарды қабылдады.
Кездесу барысында азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттар мен қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.
«Біздің мақсатымыз – тұрғындарға мемлекеттік қызметтердің қолжетімді әрі сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету. Әрбір азамат өзіне қажетті ақпаратты дер кезінде алып, өтінішіне нақты жауап алуы тиіс.
Осындай ашық кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатып, туындаған мәселелерді жедел анықтауға мүмкіндік береді», – деді Шаттық Мамбетов.
Қабылдау барысында тұрғындардың сауалдарына жауап беріліп, тиісті кеңестер ұсынылды.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.



