ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ!

Бүгін Іле ауданы Байкент ауылдық округінде «Байкент» БПҰ – ның ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттарды түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі өтті.
Алқалы жиындарға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттарына үміткерлер, зиялы қауым, азаматтық қоғам және партия мүшелері қатысты.
Кездесулер барысында экономиканы жаңғырту, жаңа Азаматтық кодекс қабылдау, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік саясатты жетілдіру және энергетикалық қауіпсіздікті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту, ауданның өңірінің аграрлық әлеуетін арттыру, шағын және орта бизнесті қолдау, әкімшілік кедергілерді азайту бағыттарына ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысы айқындаған міндеттердің түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және елдің болашақтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту.
Жиындарда қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, маңызды мәселелер төңірегінде ашық пікір алмасты.
«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» демекші, ел болашағына қатысты маңызды бастамаларды халыққа түсіндіру мен қоғам пікірін ескеру – ортақ міндет.
Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы алдағы уақытта да жалғасып, кәсіпкерлермен, білім саласының өкілдерімен және аудан тұрғындарымен кездесулер өткізу жоспарлануда.
Ел дамуы – ортақ жауапкершілік. Жолдаудағы міндеттердің нақты іске асуы – жарқын болашақтың кепілі!



