Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

БАСТЫ ЖОБА — БІЛІМ САЛАСЫ

Білім беру саласы өкілдерімен ZOOM платформасында қашықтықтан кездесу өткіздім.

— Дамудың 7 басымдығындағы үшінші проритеті білім саласы.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы басты басымдыққа төмендегі міндеттерді жүзеге асыру міндеті тұр:

— Заманауи қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу.

—  мұғалімдерді жаңа талаптарды ескере отырып оқыту.

—  3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен 100% қамтуға қол жеткізу;

— жоғары және бірінші санатты оқытушылар құрамының үлесін 60% дейін арттыру, оның ішінде өңірге жаңа кадрларды тарту;

— ҰБТ-дан жоғары балл жинаған оқушылардың санын көбейту

— 2025 жылға дейін ҰБТ-дан 100 баллдан жоғары жинаған оқушылардың санын 10% -ке көбейту;

— 2025 жылға дейін 1000 компьютер сатып алу (4 оқушыға 1 компьютер), жыл сайын 200 компьютер;

— әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсету (мектеп оқушылары үшін: кеңсе тауарларымен, киіммен, аяқ киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету, мектепке дейінгі жастағы балаларға балабақшалардағы тамаққа 100% төлем);

— 5 мектеп құрылысы мен 6 мектепке жапсаржай салып, материалдық базаны жақсарту көзделді.

Ал аудан шеңберінде төмендегі жұмыстар атқарылу жоспарланды:

— 2021 жылы — Қараой және Жәпек батыр ауылдарында (әрқайсысы 900 орынды), Қосөзенде (600 орынды), Боралдай кентінде (300 орынды);

— 2022 жылы — Жаңаталап ауылында (600 орынды);

— 2023 жылы — Қоянқұс (300 орынды), Түймебаев (600 орынды) және Байсерке (450 орынды) ауылдарында мектептерге жапсаржай құрылысы;

— 2024 жылы – Боралдай кентінде 600 орынды жапсаржай құрылысы;

— 2025 жылы Комсомол ауылындағы мектептерге 600 орынды және Байсерке ауылындағы 1200 орынды жапсаржай құрылысы;

— 3 мектепке (Междуреченск, Екпенді, Косозен ауылдарында) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

— 2025 жылға дейін ауданның барлық мектептеріне химия, биология, физика пәндік кабинеттері мен IT кабинеттерін жарақтандыру.

—  Қашықтықтан оқыту сақталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды компьютерлік технологиялармен толық қамтуды қамтамасыз ету.

Білім саласын бірге көркейту — партияның басты жобасы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button