Білім және ғылымҚоғам

ХИМИКТЕР ОДАҒЫ (UNION OF CHEMISTS) ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Әлемде болып жатқан эпидемиялық жағдайлардың алдын алу шараларына байланысты болашақ ұрпаққа білім беру саласында оқу үдерісін ұйымдастырудың басты формасы – қашықтан оқыту кеңінен қолданыс тапты. Қоғамның қажеттілігіне сай оқыту формасы да өзгерді. Қажеттілікке сай жұмысты жүйелендіріп, қашықтан білім беру технологиясы сабақтарды «online», «offline» режимде жүзеге аыруға негізделген. Ұстаздар өз шәкірттеріне нәтижелі, сапалы білім бере отырып, өз тәжірибесін жаңашылдық негізде насихаттап, әрбір әдісін тиімді қолдануда. Соның бір дәлелі ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Химия және химиялық технология факультетінің, физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының аға оқытушысы А.А. Батырбаеваның ұйымдастыруымен «Физикалық химия-1» пәнінен «Union of chemists” сайысын атап өтуге болады. Сайыстың мақсаты студенттердің бір семестр бойынша алған білімдерін қорытындылау, топтық зияткерлік ой-өрісін дамытатын тапсырмаларды орындау қабілеттерін қалыптастыру, әртүрлі платформада және жаңа оқыту бағдарламаларын меңгеру деңгейін арттыруды қамтамасыз ету. Сайысқа 2 –курс студенттерінен құралған Криптон-215, ЭНДОРФИН-216, Титан-219, Вольфрам-219, Алтын-220 топтары қатысты. Сайыс барысында қатысушы топтар таныстыруларын креативті видео түрінде көрсетті, сонымен қатар тапсырмалар ZOOM платформасында LearningApps, Edpuzzle, quizizz. com онлайн – сервистер көмегімен, командалардың бейнепрезентациясы, бейне сұрақтар, арнайы сурет негізінде берілді. Тапсырмалар пән бойынша өткен тақырыптар және ой өрісін кеңейтетін сұрақтар бойынша дайындалды.

Топ студенттері сайысқа белсене қатысып, алған білімдерін, нақты және жылдам жауап беріп алғырлықтарын көрсетті. Сайыс нәтижесін қорытындылау барысында: 1- жүлделі орын ЭНДОРФИН-216 командасы, 2 — жүлделі орын Вольфрам-219 командасы, 3 — жүлделі орын Криптон-215 командасы иемденді. Әртүрлі сервистік онлайн бағдарламалар мен платформаларды ұтымды пайдаланып қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми және шығармашылық жұмыстарды жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.

Р. О. ОРЫНБАСАР,
х.ғ.к., доцент м.а.
А. А. БАТЫРБАЕВА х.ғ.к., аға
оқытушы әл-Фараби атындағы
ҚҰУ-дің химия және химиялық
факультеті физикалық химия,
катализ және мұнай химия
кафедрасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button