Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратБез рубрикиБілім және ғылымҚоғам

СҰРАҚ КӨП, ЖАУАП ЖОҚ

Мамыр айының екінші онкүндігінің басында Татарстанның Қазан қаласы №175 мектептегі атыс тек Ресейді ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді десек, қателеспейтін сияқтымыз. 19 жастағы Ильназ Галявтевтің қатыгездігінен 11 адам ажал құшты. Қаншамасы ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Бұл қайғылы оқиға кім-кімді болса да бей-жай қалдыра алмады. Ай мен күннің аманында, тыныштық заманда жасы жиырмаға да жетпеген бозбаланың мектепте кешабуылдап, теракт жасауы – жаға ұстатарлық оқиға. Осы жағдай туралы әлеуметтік желілерде және  баспасөз беттерінде неше түрлі  пікірлер жарияланып жатыр. Біреулер баланың қаны бұзылған десе, енді біреулер ата-анасын кінәлауда. Енді бәзбіреулер орта мектептерге күзетті күшейту қажет, бейнебақылау орнату керек деп дүрлігуде. Басқаша айтсақ, жау шапқан соң қылыш-тарын қолдарына ұстап, байбалам салуда.

Бұл жағдайда босқа даурыққаннан гөрі мәселенің түп-төркініне тереңірек үңіліп, зерттеу жасаған жөн  сияқты. Орта мектепті ел қатарлы бітірген жігіттің осындай қатыгездікке баруына не түрткі болды екен? Қасындағы сыбайласы кім? Оның  отбасындағы ата-анасымен қарым-қатынасы нашар дейді. Оның себебі неде? Ал, жоражолдастарымен қандай қарым-қатынаста? Студент болса қоғамдағы орны немен айқындалады? Ильназға психологиялық тұрғыдан қысым  жасалған ба? Оның елдің бәрін жек көріп кетуінің сыры неде? Айта берсек, сұрақ көп, жауап жоқ. Жауыздық оның қанында бар ма, жоқ отбасы, жүрген ортасы оны осы жағдайға итермеледі ме?

Біздің ойымызша балалар рухани жағынан азғындалып бара жатқан сияқты.  Қазіргі сәбилер ойын ойнамайды, ойыншыққа құмар емес. 2-3 жасынан ойыншықтан бұрын ата-анасының смартфонына жармасады. Ғаламтор арқылы көрмейтіні жоқ. Көп мултфильмдердің өзі атыс-шабыстан тұрады. Мұның сыртында небір жауыздыққа, қатыгездікке толы фильмдерді көреді. Мектеп оқушыларының да кірмейтін әлеуметтік желісі жоқ. Шет елдердегі небір атыс-шабыс, бопсалау, адам өлтіру, суицидке бару қоғамға жат қылықтарды балалар ғаламтор арқылы бізден жақсы біледі. Ақыл-ойы толыспаған, әр нәрсеге еліктегіш балалар мұндайда көрген  жауыздық оқиғаларды өздерінше «ерлікке балап» соны қайталағысы келеді. Мектеп жасындағы балалардың 70 пайызына кітап оқыта алмайсың. Әр түрлі үйірмелерге (оның ішінде спорт, ән, би, сурет, көркемөнер) көп оқушылар қатыса бермейді. «Қарыны тоқтық, уайымы жоқтық аздырар  адам баласын», — деп ғұлама ақын Абай атамыз қалай дәл тауып айтқан?! Оқушының қолы бос болғаннан кейін ғаламторда отырмағанда не істейді? Осыған байланысты біздің айтарымыз,  біріншіден, ата-аналар мұғалімдермен кең-есе отырып, тіпті бастауыш сыныптан бастап оқушыларды әр түрлі үйірмелерге көптеп тартуы қажет. Баланың тіптен сіңбіруге уақыты болмауы тиіс. Екіншіден, мектептерде кітап апталықтарын ұйымдастырып, оларды жасынан кітап оқытуға үйреткен жөн. Балаларды рухани дағдарыстан шығару үшін тәлім-тәрбиенің бұдан да басқа әдіс-тәсілдерін педагогтар жақсы біледі ғой.

Біз, енді еліміздегі  мекептердегі, оның ішінде өзіміздің аудан-дағы жалпы білім беретін оқу орындары-ның  жағдайын саралап көрейік.

Ауданда 48 орта мектеп бар. Олардың барлығына дерлік бейнебақылау орна-тылған. Алайда, сол бейнебақылау камера-сын күндіз-түні тексеріп, кімнің келіп, кімнің кеткенін тексеріп отыратын маман жоқ. Ондай маманды ұстап отыруға қаржы қарастырылмаған. Күндіз оқу кезінде мектепке кез келген адам емін-еркін кіре алады. Олардың ішінде ата-аналар да, мектептің бұрынғы түлектері де, тіптен бөтен адамдардың болуы да мүмкін. Яғни, лаңкестік жасаймын деген қатыгез адамдар осындай қолайлы сәтте арам ойларын жүзеге асырады. Ал, күзетшілер арнайы оқудан өтпеген жасы егде тартқан адамдар. Күндіз қайдам, түнде олардың түні бойы мектепті күзетіп шығатынына күмән бар. Адам болған соң үйіне барып-келуі немесе ұйықтап қалуы мүмкін. Мектеп басшысы оның жұмысын түнде тексермейді ғой. Мектептерге турникет орнатып, сигнализацияға қосу үшін арнайы үкіметтен қаржы бөлінуі керек. Арнайы жасақталған күзетшілерді жұмысқа қабылдау да қаржыға тіреледі. Мынандай пандемия жағдайында қаржы мәселесі де тығырыққа тіреліп қалды.

Лаңкестерді тайраңдатып қоя береміз бе? Жоқ әлде еліміздің болашағы балалардың қауіпсіз өмірін қамтамасыз етудің тағы басқа қандай жолы бар. Сұрақ көп, жауап жоқ? Не істемек керек?…

Б. ТАЛҒАТҰЛЫ,

аудандық маслихат депутаты

Басқа жаңалықтар

Back to top button