Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚазақстан жаңалықтарыҚазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Талдықорғанның жас таланттары мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігін білдірді

Талдықорғанның жас суретшілері Мемлекеттік рәміздер күніне орай креативті суреттер салды
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Талдықорған қаласының «Қаратал» өзенінің жағасында «Объективтегі ART әлем» байқауы өтті, онда жас суретшілер Қазақстан Республикасының 30 жылдығы мен Мемлекеттік рәміздері күніне орай сурет салды. Аталған іс-шараны Алматы облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Jetisý media» КММ ұйымдастырды.


Іс-шара № 45 балабақша бүлдіршіндерінің ҚР Әнұранын орындауынан басталды. Одан кейін көркемсурет мектебі мен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұлттық символдар мен рәміздерді бейнелеуге кірісті. Қатысушылар 45 минут ішінде 12 жас талант өз жұмыстарын аяқтады. Әр сурет өзінің шығармашылығымен ерекшеленді.

— Ту, Елтаңба және Әнұран халқымыздың: бірлік, бейбітшілік, келісім, достық, еркіндік, болашаққа деген ұмтылыстың құндылықтарын білдіреді. Бұл мереке біз үшін — ерекше. Рәміздердегі бейнелер, біздің елімізде береке бірлігі жарасқан ұлттар тұратынын әркез еске салады. Мен осыны өз туындымда көрсетуге тырыстым. Көбіне, Ту мен Елтаңбадағы алтын-көкгілдір түсті пайдаландым, — деді қатысушы Айдана Райымжан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты-адамгершілік-патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, көркем шығармашылық саласындағы талантты тұлғаларды анықтау.

-4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың көрінісі. Осы іс-шара арқылы біз жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігі мен құрметін оятқымыз келеді. Әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы-осы қасиетті құндылықтарға құрметпен қарау. Еліміздің одан әрі өркендеуін тілеймін, — деді «Jetisý media» КММ орынбасары Мұратбек Балтабеков.

«Объективтегі ART әлем» байқауының қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button