Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратЗаң және бізҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы

З А Ң Д Ы Т Ү С І Н Д І Р У

Қолданыстағы заңдардың талаптарының бұзылуын және оның салдарының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 32-ші бабына сәйкес түсіндіремін:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртiбi туралы» Заңының (бұдан әрі — Заң) 10-ші бабына сәйкес, пикеттеу, жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға өткізілетін күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында береді.
Хабарламаның жергілікті атқарушы органда тіркелген күні бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны беру күні болып табылады.
Бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламада:
1) бейбіт жиналыстың мақсаты;
2) бейбіт жиналыстың нысаны;
3) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы азаматының, оның өкілінің (болған кезде) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері немесе уақытша болатын (тұратын) жері не бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері;
4) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын, пикеттер үшін – өткізу орны;
5) бейбіт жиналыстың басталатын және аяқталатын күні, уақыты;
6) қатысушылардың болжамды саны;
7) киіз үйлер, шатырлар мен өзге де құрылысжайлар орнату туралы мәліметтер;
8) осы Заңда көзделген жағдайларда дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын пайдалану ниеті;
9) пикеттеуді қоспағанда, ұйымдастырушы бекіткен бейбіт жиналыстар өткізу регламенті;
10) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының, оның өкілінің (болған кезде) электрондық пошталық мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі;
11) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының, оның өкілінің (болған кезде) хабарламада көрсетілген өз дербес деректерін жинауға, өңдеуге келісімі;
12) бейбіт жиналыстар өткізуді қаржыландыру көздері;
Заңның 18-бабы, 1-тармағының 1)-тармақшасында азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке және (немесе) қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатердің төнуі, мүлікке, оның ішінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынның шекті толу нормасынан асып түсу салдарынан нұқсан келтіру бейбіт жиналыстарды тоқтату негізі болып табылады деп көрсетілген.
Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Жоғарыда көрсетілген негіздерде, заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабын, Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 32-бабын басшылыққа ала отырып,

Т Ү С І Н Д І Р Е М І Н:

Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу, оны ұйымдастырушылардың және қатысушылардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 488-ші бабымен әкімшілк жауапкершілікке және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 400-ші бабымен қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыруы мүмкін.

РАЗЪЯСНЕНИЕ ЗАКОНА
о порядке организации и проведения
мирных собраний в Республике Казахстан

В целях предупреждения нарушений требований действующего законодательства и возможных при этом последствий, в соответствии со статьей 32 Закона Республики Казахстан «О прокуратуре» разъясняю:
Согласно статье 10 Закона Республики Казахстан «О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан» (далее — Закон), уведомление о проведении мирных собраний в форме пикетирования, собрания, митинга подается организатором мирных собраний местному исполнительному органу на бумажном носителе или в форме электронного документа, удостоверенного посредством электронной цифровой подписи, в срок не позднее чем за пять рабочих дней до дня его проведения.
Днем подачи уведомления о проведении мирных собраний является день регистрации уведомления в местном исполнительном органе.
В уведомлении о проведении мирных собраний указываются:
1) цель мирного собрания;
2) форма мирного собрания;
3) фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер, место жительства или место временного пребывания (проживания) гражданина Республики Казахстан – организатора мирных собраний, его представителя (при наличии) либо наименование, бизнес-идентификационный номер, место нахождения юридического лица – организатора мирных собраний;
4) специализированное место для организации и проведения мирных собраний, для пикетов – место проведения;
5) дата, время начала и окончания мирного собрания;
6) предполагаемое количество участников;
7) сведения об установлении юрт, палаток и иных сооружений;
8) намерение использовать звукоусиливающие технические средства, плакаты, транспаранты и иные средства наглядной агитации в случаях, предусмотренных настоящим Законом;
9) регламент проведения мирных собраний, утвержденный организатором, за исключением пикетирования;
10) электронный почтовый адрес, абонентский номер сотовой связи организатора мирных собраний, его представителя (при наличии);
11) согласие организатора мирных собраний, его представителя (при наличии) на сбор, обработку его персональных данных, указанных в уведомлении;
12) источники финансирования проведения мирных собраний;
В подпункте 1) пункта 1 статьи 18 Закона установлено, что основанием для прекращения мирных собраний является создание реальной угрозы жизни и здоровью граждан, общественному порядку и (или) общественной безопасности, причинение ущерба имуществу, в том числе в результате превышения нормы предельной заполняемости специализированного места для организации и проведения мирных собраний.
В соответствии со статьей 20 Закона, лица, нарушившие законодательства Республики Казахстан о порядке организации и проведения мирных собраний влечет ответственность, установленную законами Республики Казахстан.
С учетом изложенного, во избежание нарушений закона руководствуясь статьей 83 Конституции Республики Казахстан и статьи 32 Закона Республики Казахстан «О прокуратуре»,

РАЗЪЯСНЯЮ:

Нарушение законодательства Республики Казахстан о порядке организации и проведения мирных собраний может повлечь для ее организаторов и участников административную ответственность по ст.488 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях и уголовную ответственность по ст.400 Уголовного кодекса Республики Казахстан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button